Қызылорда облысының әкімі: “Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым”
Футбол
Gov.kz
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев журналистер сұрағына жауап берді.
Жиында Қызылорданың «Қайсар» футбол клубының қаржылық мәселелері талқыланды. БАҚ өкілдері клуб ойыншыларының соңғы үш айдан бері жалақы алмағанын айтып, жағдайдың қалай шешілетінін сұрады.
Әкім бұл мәселеге қатысты клубтың қаржыландыруына қатысты өз ұстанымын білдірді:
“Клуб басшылары маған келіп, бюджетті көбейтейік, 1-2 орындарға таласамыз деп айтады. Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым. Біз қазір ауыл спортына көбірек көңіл бөліп жатырмыз,” — деді Нәлібаев.
Аймақ басшысының айтуынша, қазіргі кезде облыстың басым бағыты бұқаралық спортты дамыту мен ауылдық жерлерде спортқа жағдай жасауға арналып отыр.