Тоқаев Венгрия мен Германия арасындағы матчқа барды
Футбол
Aqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен бірге Венгрия мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчына қатысты. Ойын УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Будапешттегі “Puskas Arena Park” стадионында өтті.
Мемлекеттік сапармен Венгрияға келген Тоқаев мажарлықтар үшін сәттілік әкелді. Венгрия құрамасы неміс командасымен 1:1 есебімен тең ойнады.