Чемпиондық соңғы турда шешілмек
Футбол
ПФЛК
Футболдан Қазақстан Премьер Лигасының 24-туры аясында «Тобыл» елордалықтардан басым түсті, деп хабарлайды Bassport.kz
Чемпиондыққа әсер ететін ойынның бірінші кезеңінде гол болмады. Ойынның 51-минутында экс «Астананың» ойыншысы Игорь Иванович қарсылас қақпасын дәл көздеді.
Қазіргі сәтте елордалықтар 43 ұпаймен екінші орында болса, қостанайлықтар 39 ұпаймен 4-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, соңғы турда елордалықтар «Жетісумен» кездессе, чемпиондыққа тікелей үміткер «Қайрат» атыраулықтарға қонаққа барады.