Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі болмайтын болды
Жекпе-жек
Тұрар Қазанғапов
Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды, деп хабарлайды Bassport.kz Vesti.kz сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде промоушен чемпионы Белал Мухаммадтың (24-3-0-1) жекпе-жектен белгісіз себептермен бас тартқаны туралы ақпарат таралған болатын. Рахмонов командасынан хабарлаған дереккөз бұл жекпе-жектің болмайтынын растады.
Айта кетейік, жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі тиіс еді.
Қазіргі уақытта Шавкаттың UFC 310 турнирінде басқа қарсыласқа шығу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізілуде немесе ол жартылай орта салмақтағы чемпион Белал Мухаммадты күтуі мүмкін.