Лаура Ғаниқызы мен Алина Ертөстік әйелдер күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында “қола” ала алмады
Күрес
Olymp.kz
Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Финалдық жекпе-жекке 50 келіге дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы және 76 келіге дейінгі салмақта Алина Ертөстік жетті. Алайда екі балуан да мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.
Ғаниқызы жапониялық Уми Итодан 11:0 есебімен жеңілсе, Ертөстік те Нодоко Ямомотоға (Жапония) есе жіберді - 11:0.