Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңіліп қалды

Жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанның бір боксшысы жеңіліп қалды
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде Қазақстанның төрт боксшысы рингке шығып, үшеуі жеңіске жетті. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

60 келіде ел намысын қорғап жатқан Алексей Хаванцев қырғыз Алихан Майранбековпен жұдырықтасқан. Төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті бір ауыздан Хаванцевқа берді.1/8 финалда отандасымыз өзбек боксшысымен жұдырықтасады. Ал, 86 келідегі Бақытжан Айтмұқан белорус боксшысы Андрей Румянцевтен жеңіліп, жарысты бірінші айналымнан аяқтады.

Қыздар арасында Аружан Жаңабаева (63 кг) ресейлік Милана Дзугаевадан басым түсті. Бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жібергеніне қарамастан, төрешілер қазақ қызына жеңісті бірауыздан берген жоқ. Енді 1/8 финалда Аружан Диас Мартинеспен (Венесуэла) кездеседі.

60 келідегі Толғанай Қасымхан да бірінші айналымнан қиындықсыз өтті. Ол Венесуэладан келген Хоселисті еш қиындықсыз жеңіп, келесі айналымға шығып отыр. 1/8 финалда ол өзбек боксшысымен жұдырықтасады.

Ертең жарыс жолына Диас Берікбай (48 кг), Санжарәлі Бегалиев (75 кг), Бауыржан Мұратов (54 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Бағжан Отынбай (52 кг), Аяжан Ермек (57 кг) шығады.