Махмуд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады

Махмуд Сабырхан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен аяқтады
Бокс

ҰОК

Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Махмуд Сабырхан Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Bassport.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда оның қарсыласы тайвандық Лай Ян-Лин болды. Бірінші раундта-ақ Сабырхан қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Енді келесі кезеңде Махмуд Шри-Ланкалық Джаянат Кумарамен кездеседі.  

Еске сала кетейік, Махмуд Сабырхан – 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.