Ұлжан Сарсенбек алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
Бокс
Zakon.kz
Қазақстандық боксшы Ұлжан Сарсенбек Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп жазады Bassport.kz.
57 келі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда Ұлжанның қарсыласы украиналық Карина Вовк болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша Улжан Сарсенбек төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Айта кетейік, Ұлжан Сарсенбек былтыр жастар арасындағы әлем чемпионы атанып, Азия чемпионатында да алтын жүлде жеңіп алған болатын. Ал биыл мамыр айында Бангкокта өткен іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама алу үшін күрескенімен, бірінші айналымда қарсыласына жол берген еді. Карина Вовк өз кезегінде Украина чемпионы және ел кубогының иегері болып табылады.