«Оның мүмкіндігі болды». Шавкат Рахмонов UFC чемпиондық белбеуі үшін айқас туралы мәлімдеме жасады

«Оның мүмкіндігі болды». Шавкат Рахмонов UFC чемпиондық белбеуі үшін айқас туралы мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

Әлеуметтік желі

UFC жартылай орта салмақ дәрежесінің рейтингінде үшінші орында тұрған Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген жағдайда чемпиондық белбеу үшін Белал Мұхаммедпен кездесетініне сенімді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.kz сілтеме жасап.

UFC Иэнді жеңсең, чемпиондық айқасқа шығасың деп уәде берді ме? Әлде Камару Усман Джек Делла Маддаленаны жеңсе, қайта титулдық айқасқа шығады деп алаңдайсың ба?

Бұл бойынша еш күмән жоқ: біздің жекпе-жектің жеңімпазы келесіде титул үшін айқасады. Иэн Гэрридің UFC-де қатарынан сегіз жеңісі бар, менде — алты. Барлық жеңістерім мерзімінен бұрын аяқталды. Камарудың мүмкіндігі болды. Менің ойымша, біз екеуіміз кімнің бірінші нөмірлі үміткер болатынын анықтаймыз, — деді Шавкат Submission Radio берген сұхбатында.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрридің жекпе-жегі 8 желтоқсан күні таңертең өтеді.