Елдос Сметов татамиге қашан оралатынын айтты

Елдос Сметов татамиге қашан оралатынын айтты
Дзюдо

ҰОК

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Азия чемпионы Елдос Сметов журналисттердің “Сізді енді татамиде қашан көреміз” деген сауалына жауап берді.

“Мен үшін Олимпиада енді бітті. 2025 жылдың аяғында немесе 2026 жылдың басында шығар деп ойлаймын. Қазіргі таңда жоспарымыз ағылшын тілін үйрену. Қаңтардың басында Лондонға оқуға кетіп бара жатырмыз. Содан кейін ақырындап жаттығуымызға кірісеміз”,- деді олимпиада чемпионы.

Айта кетейік, бүгін Елдос Сметов Астанадағы “Kodokan Spirit” дзюдо орталығының ашылуына қатысқан болатын.