Нокаут пен Өзбекстанмен болған кездесу: бокстан Азия чемпионатының төртінші күнінің қорытындысы
ҰОК
Чиангмае (Таиланд) қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні Қазақстан спортшылары үшін сәтті аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Махмуд Сабырхан өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді. 1/8 финалда ол Тайвань өкілі Лай Ян-Линмен кездесті және бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Милана Сафронова (66 кг) жартылай финалға жекпе-жек өткізбей өтті. Тайваньдық қарсыласы Ли Мин жекпе-жектен бас тартқандықтан, ол келесі кезеңге жолдама алды.
Ал Аида Абикеева (63 кг) өзбекстандық Дильфуза Бековамен қиын кездесу өткізді. Бірінші раундта қарсыласына есе жібергенімен, соңғы раундтарда басымдық танытып, төрешілердің шешімімен (4:1) жеңіске жетті. Осылайша, Аида жартылай финалға шығып, қола жүлдені кепілдендірді.