Елдос Сметов: “Балаларым ізімді басып жатса, әрине қуанамын”

Елдос Сметов: “Балаларым ізімді басып жатса, әрине қуанамын”
Басқа

Әлеуметтік желі

2024 жылғы Париж Олимпиадасының чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Азия чемпионы Елдос Сметов балаларының болашағына қатысты өз пікірін білдірді. Танымал спортшының айтуынша, ол балаларының өз жолын табуына барынша қолдау көрсетуге дайын.

Болашағы туралы үзіп-кесіп ештеңе айта алмаймын. Ізімді басып жатса, қуанамын. Егер өзінің таңдауы болатын болса, дұрыс таңдау қабылдауына мен ат салысамын. Ата-ана ретінде өзімнің үлесімді қосамын, — деді Сметов.

Айта кетейік, Елдос Сметов 2017 жылы Балауса есімді арумен шаңырақ көтерген болатын. Бүгінде жұбайы чемпионға бес бала сыйлады. Елдос әлеуметтік желілерде белсенді түрде отбасы өмірінен және жарыстардан суреттер бөлісіп отырады.