Футзал: «Қайрат» екінші турда «Семейді» 5:1 есебімен жеңіп, элиталық кезеңге өтті

Футзал: «Қайрат» екінші турда «Семейді» 5:1 есебімен жеңіп, элиталық кезеңге өтті
Футзал

«Қайрат» АФК

Футзалдан Чемпиондар лигасының 2024/2025 маусымындағы негізгі кезең аясында қазақстандық екі команда кездесті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен ойында «Қайрат» командасы тағы бір қазақстандық клуб «Семейді» 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Алдымен Ақжол Дәрібай есеп ашып, командасын алға шығарғанымен, алматылықтар артынша 5 голмен жауап қатты. Матч кезінде алаң иелері сапынан Эдсон, Данер Родриго, Алиссон, Ариетта және Родригес көзге түсті. 

Осылайша алғашқы ойында венгриялық «Халадашты» 4:0 есебімен, екінші ойында «Семейді» 5:1 есебімен жеңген «Қайрат» командасы жалпы жиынтығы 6 ұпай жинап, элиталық кезеңге жолдама алды. Бұл топтағы «Спортинг» те элиталық кезеңге қиындықсыз өтті. Олар бүгін «Халадашты» 2:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, доп айырмашылығы бойынша алматылықтар көш басына жайғасты. Соңғы турда екі клуб осы топта бірінші орын алуға бар күшін салады. Ал, бірінші турда «Спортингке» есе жіберген «Семей» элиталық кезеңде өнер көрсету үшін шешуші ойында «Халадаш» командасымен кім мықтыны анықтайды.