Астанада «Қазақстан Барысы-2024» республикалық турнирі өтеді

Астанада «Қазақстан Барысы-2024» республикалық турнирі өтеді
Күрес

www.gov.kz

26 қазанда Астана қаласында Республика күніне орай «Қазақстан Барысы – 2024» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Bassport.kz. 


Турнирге Қазақстанның 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаланың кіл мықтылары бақ сынасады. Сондай-ақ, қатысушылар арасында өткен жылдың «Қазақстан Барысы» жеңімпазы және «Әскер Барысы» командасынан екі балуан болады. 


Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 43 балуан «Қазақстан Барысы – 2024» алтын белдігін сарапқа салады. Турнирдің жүлде қоры 27 100 000 теңгені құрайды, оның ішінде 3 720 000 теңге жаттықтырушыларға беріледі.

Жүлделі орындар мынадай: 1-орынға — 15 000 000 теңге, 2-орынға — 3 300 000 теңге, 3-орынға — 1 080 000 теңге. 


Естеріңізге сала кетейік, Қазақ күресі бойынша республикалық турнир 2011 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.


Биылғы турнир «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Кіру тегін, басталуы 26 қазан күні сағат 12:00-де.