Әлем чемпионаты: Досжан Өтепқалиев ширек финалға шықты

Әлем чемпионаты: Досжан Өтепқалиев ширек финалға шықты
Күрес

Спортты дамыту дирекциясы

Тиранада (Албания) 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Досжан Өтепқалиев ширек финалға шықты. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз кезекті жеңісіне қол жеткізіп, әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Өкінішке қарай, Өтепқалиевтен басқа 4 спортшымыз 1/8 кезеңде сүрінді. Нақтырақ айтсақ, Бейбіт Қорғанов (97 кг) армениялық Хайк Хлоянға, ал Дін-Мұхамед Қошқар (67 кг) аса тартысты белдесуде Даниал Агаевқа есе жіберді. Сонымен қатар осыған дейін 82 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Альмир Төлебаев іріктеуде қарсыласы Кун Шангтан (Қытай), Мерей Мәулетқанов (72 кг) Қырғызстан өкілі Әділхан Нұрланбековтен жеңілді. Десе де барлық спортшымыздың әлі жүлдеге таласатын мүмкіндігі бар. Ол үшін қарсыластары финалға шығуы керек.