Грек-рим күресінен Қазақстан командасы әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Күрес
Olympic.kz
Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тиран қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы чемпионатты аяқтады. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Құрама атынан бозкілемге соңғы болып Бағлан Қуаныш шықты. 87 келіге дейінгі салмақтағы спортшының қола алуға мүмкіндігі бар еді.
Алайда жұбаныш айналымының бірінші жекпе-жегінде ол түркиялық қарсыласы Самет Ялдыраннан жеңілді – 2-3. Осылайша біздің «классик» балуандар әлем чемпионатынын жүлдесіз аяқтады.