Қазақстан құрамасы World Boxing әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы World Boxing әлем чемпионатына қатысады
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымдастыруымен алғаш рет өтетін U19 әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.


Біріншілік 26 қазан мен 2 қараша аралығында Пуэбло (Колорадо штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Әлем чемпионатына 30 елден 180 боксшы қатысады деп күтілуде.


Қазақстан командасы келесі құраммен Америкаға аттанaды:


55 келі. Ерасыл Аманғалиев

65 келі. Асылхан Көшербай

70 келі. Диас Серікұлы

85 келі. Даниял Райымбеков

Бапкерлер: Азамат Туямашев, Ержан Шагиров