Күрестен жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстандықтардың қайсысы алғашқы күні кілемге шығады

Күрестен жастар арасындағы ӘЧ: Қазақстандықтардың қайсысы алғашқы күні кілемге шығады
Күрес

ҰОК

Бүгін, 21 қазанда Тиранда (Албания) күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады. Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің өкілдері шығады. Bassport.kz бұл туралы ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

21 қазанда біліктілік раундтары мен жартылай финалдар болмақ.

Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. Қазақстан командасынан бүгін келесі спортшылар бағын сынайды: 60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев 67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошкар 72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов 82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев 97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов