Асу Алмабаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеді

Асу Алмабаев жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Жекпе-жек

видеодан алынған скрин

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (20-2-0) кезекті жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстандық файтер таразыда 125 фунт (56.7кг) көрсетсе, бразилиялық қарсыласы Матеус Николаудың (19-4-0) салмағы 125.5 фунт (56.9 кг) болды. 30 жастағы Асу Алмабаев UFC-дың ең жеңіл салмақтағы рейтингісінде 14-шы орында, ал 31 жастағы бразилиялық файтер 7-шы орында. Айта кетейік, Асу-Николау айқасы 20 қазан Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 245 кешінде өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Энтони Эрнандес және Мишель Перейра өнер көрсетеді.