UFC Асу Алмабаевтың келесі айқасы жайлы мәлімдеме жасады

UFC Асу Алмабаевтың келесі айқасы жайлы мәлімдеме жасады
Жекпе-жек

Prosports.kz

Әлемдегі ең үздік промоутерлік UFC-дің баспасөз қызметі қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегін жариялады. Bassport.kz бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«UFC-де үш жекпе-жек, үш жеңіс және қарсыластар үшін 0 мүмкіндік! Осы демалыс күндерінің өзінде Асу Алмабаев жеңіл салмақ дәрежесінде үздік ондыққа енуі мүмкін», - деп жазды америкалық ұйымның баспасөз қызметі қазақстандық файтердің төртінші жекпе-жегі туралы. 

Айта кетейік, 19 қазан күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) қазақстандық файтер бразилиялық спортшы Матеус Николаумен (19-4-1) кездеседі. Егер бұл жекпе-жекте жеңіске жетсе, Алмабаев жеңіл салмақ дәрежесінде үздік 15 файтердің қатарына кіруі мүмкін.