Таеквондодан Чунчхондағы әлем чемпионатында ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
Жекпе-жек
ҰОК
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті. Бұл туралы Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені иеленді. Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами «алтын» алды. Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті.
Айта кетелік, бұған дейін аталған додада Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын (59 келіге дейінгі салмақта).