Джепкемей Франциядағы жартылай марафонның жеңімпазы атанды

Жеңіл атлетика
ҰОК
Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды. Bassport.kz бұл туралы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ол белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді.
Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі - 01:09:58.
Сонымен бірге эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).