Жабық кешендегі Азия чемпионатында ел қоржыны екінші алтынмен толықты

Жабық кешендегі Азия чемпионатында ел қоржыны екінші алтынмен толықты
Жеңіл атлетика

Нора Джеруто. Сурет: ҚР ҰОК баспасөз қызметі

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтынмен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

3000 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғаған Нора Джеруто үздік нәтиже көрсетіп, сары құрлық чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 8:46.47 секундта жүгіріп өтті. 

Бұл осы Азия біріншілігінде ел қоржынына түскен екінші алтын жүлде, ал Нораның екінші медалі екенін атап өту керек. Бұған дейін Джеруто 1500 метр қашықтыққа жүгіруде қола жүлдеге қол жеткізген. Ал Алина Чистякова бессайыста үздік атанған.