Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожа UFC-мен келісімшартқа отырды

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожа UFC-мен келісімшартқа отырды
Жекпе-жек

meta-ratings.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Дияр Нұрғожа UFC келісімшарты сарапқа салынатын Dana White’s Contender сериясы бойынша кезекті турнир аясында сайысқа түсті. Қазақстандық файтер октагонда польшалық спортшы Бартош Шевчикпен (8-3-1) шеберлік байқасып, қарсыласын нокаутпен жеңді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Дияр екінші раундта қарсыласына бірнеше соққысын дарытты. Қарсыласының дәрменсіздігінен кейін төреші жекпе-жекті ертерек аяқтау туралы шешім қабылдады. Осылайша Дияр Нұрғожа өзінің жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оған қоса UFC бойынша әлемдегі ең үздік ММА лигасымен келісімшартқа қол жеткізді. Қазақстандық файтер бұған дейін Alash Pride, Eagle FC және UAE Warriors промоушендерінде сайысқа түскен болатын.