Танымал қазақстандық пара таеквондошы қайтыс болды

Танымал қазақстандық пара таеквондошы қайтыс болды
Басқа

Паралимпиада комитеті

Пара таеквондошы Нышан Өмірәлі 32 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Bassport.kz ҚР Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Бүгін түнде Қазақстандық пара-таэквондошы, екі дүркін әлем чемпионы, Токио-2020 және Париж-2024 жазғы Паралимпиада ойындарына қатысушы Нышан Өмірәлі Елубайұлының дүниеден өткенін қайғырып хабарлаймыз. Оның өмірден озуы Қазақстанның Паралимпиадалық қозғалысы мен бүкіл спорт қауымы үшін орны толмас қайғы», - делінген комитет хабарламасында. 

Нышан Өмірәлі паратаэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, 2022 жылғы Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері болды. Осы жазда Парижде өткен 2022 Паралимпиада ойындарында спортшы 5-орын алды.