Футзалдан әлем чемпионаты: Бразилия мен Украина жартылай финалға шықты
football24.ua
Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек жартылай финалына шыққан екі құрама анықталды. Ширек финалдағы алғашқы ойында Бразилия құрамасы Марокконы 3:1 есебімен жеңді. Bassport.kz бұл туралы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында олардың қатарынан Марсель Леандро 11, Лино 17, Диего 28-минутта мергендік танытса, оған марокколық Отман Бомезу 34-минутта бір голмен жауап қайырды.
Ал, екінші ширек финалда Украина құрамасы Венесуэладан басым түсті. Бұл ойын көп гол соғылуымен ерекшеленді. Украиналық құрамадан Данил Абашкин 4, 15, 17, Пётр Шотурма 13, Назар Швед 19, Ростислав Семенченко 21, Александр Сухов 26, Игорь Чернявский 31, Николай Микитюк 37-минутта гол соғып кетті. Оған Венесуэла сапынан Хесус Вьямонте 5, Хесус Вьямонте 15, Альфредо Видаль 16, Рафаэль Морильо 29-минутта төрт голмен жауап берді. Осылайша қарсыласын 9:4 есебімен тізе бүктірген Украина жартысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Енді олар 2 қазанда жартылай финалда Бразилиямен ойнайды.
Айта кетсек, 30 қыркүйекте ширек финалда Аргентина мен Қазақстан, Франция мен Парагвай кездеседі.