Конор Макгрегор жартылай орта салмақтағы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Конор Макгрегор жартылай орта салмақтағы әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды
Жекпе-жек

wallpaperuse.com

36 жастағы ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы палестиналық Белал Мухаммадты жекпе-жекке шақырды. Bassport.kz бұл туралы 1bol.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Белал — Макгрегор, жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына талас… Менің 170 фунттағы [жартылай орта салмақ дәрежесі] статистикамды тексеріп көріңдер. Ал, бұл адамның [Белалдың] UFC тарихында бір де бір нокдауны да жоқ. Бір нокдаун жоқ, шыны керек, өте ұят екен», - деді Макгрегор Championships Rounds басылымына берген сұхбатында.

Белал да көп күттірмей жауап қатты.

«Конор, не болды, менімен төбелескің келе ме? Кез келген уақытта дайынмын. Тұрысатын жеріңді айт», - деп жауап қатты палестиналық файтер. 

Макгрегор UFC-ге 2013 жылы келген. Аралас жекпе-жекте ирландиялық 28 кездесу өткізіп, соның 22-сінде жеңіске жетсе, алтауында жеңіліс тапты. Мухаммад титулға 2024 жылғы шілде айында өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты жеңу арқылы қол жеткізді.