Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды

Ақтауда аралас жекпе-жек шеберінің мәйіті табылды
Жекпе-жек

lada.kz

Ғаламторда Ақтаудағы 3-шағын ауданнан табылған ер адамның денесі туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Bassport.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 

Lada.kz тілшісінің мәліметінше, ол бұрын түрлі турнирлерге қатысқан жекпе-жек шебері. WhatsApp мессенджерінде 3-шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің жанынан денесі табылған аралас жекпе-жек спортшысы Вусал Жафаровтың суреттері тарады. Оның дене пішіні бұзылған, толық ісінген, қарайған. Полиция департаменті ақпаратты растады. Мәйіт бір күн бұрын, яғни 20 қыркүйекте табылған.

- Табылған мәйіт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - делінген ведомство мәлімдемесінде. 

Қолданушылар Вусал Жафаровты ұрып-соққанын, денесі көшеде бірнеше күн бойы жатып қалғанын жазды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Вусал Жафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.