Жалғас Жұмағұловтың алдағы жекпе-жегі ресми жарияланды

Жалғас Жұмағұловтың алдағы жекпе-жегі ресми жарияланды
Жекпе-жек

kaz.nur.kz

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов 9 қараша күні Братиславада өткізетін жекпе-жегінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Alash MMA Warriors Instagram-ға сілтеме жасап.

Жалғас америкалық файтер Аарон Эбимен (16-9-1) кім мықтыны анықтайды.

Жұмағұлов ММА-дағы кейінгі ресми жекпе-жегін ақпан айында өткізген болатын. Отандасымыз Naiza FC 57 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық файтер Кливленд Маклинді (17-2) төрешілердің шешімімен жеңген еді.