Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқасына дайындықты бастады

Жәнібек Әлімханұлы алдағы айқасына дайындықты бастады
Бокс

instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуға дайындықты бастап кетті. Бұл жөнінде қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

«Алдағы жекпе-жекке Қазақстанда дайындалуға тура келді. Оны ұйымдастырушы - аустриялықтар. Жекпе-жекке Қазақстанда дайындалып жатырмыз. Біздің әрқашан айтып жүргеніміз - тарих. Тарих жасаймыз. Орта жолға келдік. Артқа қайтатын жол жоқ. Басқа салмаққа ауысатын мүмкіндіктер болды. Қазір осы салмақта қалып, төрт белбеуді жинап, әлемде Qazaq style-ді тарихта қалдырамыз», - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.