Қазақстан құрамасы сыр алаңда Словениядан ірі есеппен жеңілді
Футбол
Ашық дереккөз
Қазақстан құрамасы футболдан UEFA Ұлттар лигасының В дивизионы аясында өткен ойында Словения құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Любляна қаласында өткен матч 3:0 есебімен аяқталды. Үш голды да Беньямин Шешко соқты. Ол ойынның 23, 28 және 63-минуттарында көзге түсті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бас бапкер Станислав Черчесов келгелі алғаш рет жеңіліп отыр. 6 қыркүйекте ұлттық команда Алматыда Норвегиямен тең түскен еді.
Енді Қазақстан 10 қазанда сырт алаңда Аустриямен матч өткізеді.