Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды

Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды
Футбол

ҚФФ

Бүгін Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.

Отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі. Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Аталған ойында тас төреші Жоау Пиньейру міндетін атқарады. 

Өз тарихында екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде кездесіп, екі ойында да қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, Словения мен Австрия 1:1 есебіне қанағат білдірді. Қазір бұл топтағы командалардың барлығында бір ұпайдан бар.