Ұлттар лигасын сәтті бастаймыз деп үміттенеміз – Мартин Эдегор
Футбол
Александр Павский
Футболдан Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор UEFA Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін матч туралы айтты, деп хабарлайды Bassport.kz.
– Қарсыласты көрдік. Қазақстан – жақсы команда. Бірақ біз жеңу үшін келдік. Матчқа дайындалып жатырмыз, ең алдымен бүкіл назарды өз ойынымызға аударамыз. Жастар құрамасы сапындағы Қазақстанға қарсы ойын есімде. Бұл мен үшін жақсы тәжірибе болды. Бірақ қазір жағдай басқаша. Ойыншылардың ішінен кімді ерекше айта аламын? Біз бүкіл команданы көрдік, бұл қиын болады. Өйткені біз сырт алаңда ойнаймыз. Ұлттар лигасын сәтті бастаймыз деп үміттенеміз. "Астана" – "Бранн" ойыны? Біз бұл матчты көрдік. Әрине, бізге оңай болмайды. Бірнеше сағаттық рейс, сырт алаңдағы ойын. Бірақ бұл футболдың бір бөлігі, біз қазір ойынға дайындалып жатырмыз, - деді Эдегор.