Белал Мұхаммад Рахмоновтың жекпе-жек өткізу туралы ұсынысына жауап қайтарды
Жекпе-жек
Ашық дереккөз
UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мұхаммед қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізуден бас тартқаны туралы айыптауына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport Plus Qazaqstan-ға сілтеме жасап.
«Менің есім дұрыс емес пе? Күлкілі. Мен кейінгі өткізген жекпе-жегімнен кейін аз уақыт демаламын. Ал, Шавкат 2023 жылдан бері мүлде кездесу өткізген жоқ. Менің ойымша, Шавкат пен Усман екеуара кім мықтыны анықтап, менімен жекпе-жек өткізуге лайық екенін көрсеткені дұрыс», - деді чемпион.
Бұған дейін Рахмонов Белалмен жекпе-жек өткізуге келісімшарт ұсынылғанын айтқан болатын. Алайда Б. Мұхаммед дайын емес екенін алға тартып, бұл ұсыныстан бас тартты.