Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті
Жекпе-жек
Қазақстан таеквондо федерациясы
Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Париж Олимпиадасында қазақстандық таеквондошылар жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Кондыбаев, Арман Шылманов және бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтерінен кетеді.
Айта кетеіік, бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы бапкерлер құрамын таратқан болатын.