Самородов «Ахматтағы» алғашқы ойынын өткізді

Самородов «Ахматтағы» алғашқы ойынын өткізді
Футбол

ФК Ахмат

Мәскеулік «Спартак» пен грозныйлық «Ахмат» кездескен Ресей премьер-лигасы 4-турының ойыны аяқталды, деп хабарлайды Bassport.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесу «Лукойл Арена» стадионында өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов 76-минутта алаңға шықты. «Спартак» жеңіліссіз сериясын үш матчқа дейін ұзартты. «Ахмат» өз кезегінде төртінші кездесуде жеңіске жете алмады. Сондай-ақ, грозныйлықтар қатарынан үшінші кездесуінде гол соға алмады. «Спартак» 7 ұпай жинап, 4-орында. «Ахматтың» еншісінде 3 ұпай бар және 14-орында.