Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады

Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады
Жеңіл атлетика

Владислав Семенов

Қазақстандық жеңіл атлеттер Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Олимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды  Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап. 

Қос атлет биіктікке секіруден іріктеу сынына қатысқан болатын. Финалға өту үшін оларға алғашқы 12 спортшының қатарынан көріну керек болды (197 сантиметрді бағындыру немесе одан да жоғары орыннан көріну).

Дубовицкая 183 сантиметрге секірді (ол 188 сантиметрді бағындыраа алмады). Матвеева 188 сантиметрді бағындырған, алайда, үш мүмкіндігінде де 192 сантиметрді еңсере алмады.

Іріктеу қорытындысы бойыншаа Надежда Дубовицкая 28, Елизавета Матвеева 19-орында қалды. Олар финалға жолдама алған 12 спортшының қатарына қосыла алмады.