Аргентина құрамасы – Америка кубогының жеңімпазы

Аргентина құрамасы – Америка кубогының жеңімпазы
Футбол

Prosports.kz

Аргентина құрамасы футболдан Америка кубогының финалында Колумбиямен кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Тартысқа толы кездесудің негізгі уақытында гол соғылған жоқ. Команда капитаны Лионель Месси кездесудің 64-минутында жарақат алып, алаңдағы орнын Николас Гонсалеске босатты.

Қосымша уақытта 1:0 есебімен көк жейделілер жеңіске жетті. Ойындағы жеңісті голды Аргентина құрамасы сапынан 112-минутта Лаутаро Мартинес салды.

Айта кетейік, Аргентина жалпы саны 16-рет Америка кубогын жеңіп алып, рекордтық көрсеткішке жеткізді.