EURO-2024: финалда кездесетін қос құрама белгілі болды

EURO-2024: финалда кездесетін қос құрама белгілі болды
Футбол

championat.com

Еуропа чемпионатының 1/2 финалындағы екінші ойында Англия мен Нидерланд құрамалары жасыл алаңда кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Төрешінің ысқырығы естіле сала қос құрама ойын тізгінін қолға алып, жылдам гол соғып алуды ойлап, шабуылға шығуға тырысты. Ол ұмтылысты алдымен Нидерланд құрамасының ойыншылары жасады. Кездесудің 7-минутында жартылай қорғаушы Хави Симонс алыстан қақырата соққы бағыттап, теңбіл снарядты Пикфорд қорғаған қақпаның ішінде тулатты. Дәл осы голдан кейін Англия қарқын ала бастады. Шабуылшы Харри Кейн 18-минутта  есепті 1:1-ге жеткізді. Ол пенальтиді сәтті орындады. Мұнан соң қос құрама сақтықпен ойнады. Алаңда бір құраманың басымдығы байқалмады. Кездесу аяқталар тұста алаңға қосалқы құрамнан ауысып кірген Олли Уоткинс  көзге түсіп, Англия құрамасына жеңіс сыйлады. Осылайша ағылшындық футболшылар қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. 

14 шілдеде Англия құрамасы финалда Испаниямен кездеседі.