EURO-2024: Испания Еуропа чемпионатының финалына шықты

EURO-2024: Испания Еуропа чемпионатының финалына шықты
Футбол

Матч ТВ

Германиядағы Еуропа чемпионатының жартылай финалында Испания мен Франция құрамасы кездесті, деп хабарлайды BasSport.kz.

Ойындағы алғашқы голды 9-минутта Рандаль Коло Муани соқты. Араға 12 минут салып Испания құрамасы есепті теңестірді. 16-жастағы Ламин Ямаль мергендігімен көзге түсіп, Еуропа чемпионатында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Кездесудің 25-минутында испаниялық футболшы Дани Ольмо қарсылас қақпасын дәл көздеп, ойындағы жеңісті голды соқты. 

Матчтың екінші бөлігінде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Осылайша Испания 2:1 есебімен жеңіске жетіп, араға 12 жыл салып финалға жолдама алды.