Екі қазақстандық спортшы жүзуден Париж Олимпиадасына қатысады

Екі қазақстандық спортшы жүзуден Париж Олимпиадасына қатысады
Жүзу

olympic.kz

Жүзуден Қазақстан құрамасының екі мүшесі Париж Олимпиадасына қатысады, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Әділбек Мусин мен Ксения Игнатова төртжылдық додасында бақ сынайды.

Мусин 100 метрге баттерфляй және еркін әдіспен жүзуден сынға түседі. Ал, Игнатова 100 метрге шалқалай жүзуден өз күшін сынап көреді.