EURO-2024: Швейцария ширек финалға жолдама алды

EURO-2024: Швейцария ширек финалға жолдама алды
Футбол

Спорт-Экспресс

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/4 финалына Швейцария құрамасы жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Германиядағы дүбірлі доп додасының 1/8 финалындағы алғашқы ойын Италия мен Швейцария арасында өтті. Тартысқа толы ойында Швейцария құрамасы 0:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойын барысында швейцариялықтардың сапынан Ремо Фройлер 37-минутта, Рубен Варгас 46-минутта гол соқты. 

Айта кетейік, құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.