«Астана» сапына хорватиялық екі футболшы қосылды

«Астана» сапына хорватиялық екі футболшы қосылды
Футбол

Sportplustv.kz

Елордалық команда қатары хорватиялық екі ойыншымен толықты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

«Астана» қорғаушы Карло Бартолецпен келісімшартқа отырды. Ойыншымен келісімшарт 1,5 жыл мерзімге жасалды. Ол көк-сарылар қатарында 2 нөмірде алаңға шығады.

Аталған футболшы даниялық «Копенгаген», «Нордшелланд», хорватиялық «Осиек» және «Локомотив» Загреб командаларында ойнаған. 

Тағы бір хорватиялық орталық қорғаушы Бранимир Калайца да астаналық клуб сапына ауысты. Ол жаңа командасында 3-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Бранимир – топ футболшы. Ол «Бенфика» сапында Португалия чемпионы атанған. Кейінгі жылдары Хорватияның «Локомотив» клубында ойнады. Аяқдопшымен келісімшарт 2,5 жыл мерзімге жасалды.