Өскеменде "Біздің елдің жігіттері" атты дәстүрлі халықаралық достық турнирі өтті

Өскеменде
Волейбол

2024 жылы 8-9 маусым күндері Өскемен қаласында волейболдан "Біздің елдің жігіттері" атты дәстүрлі халықаралық достық турнирі өтті.

Бұл турнир Астана, Алматы қалаларында болып, былтыр Монғолия елінің Баян-Өлгей қаласында өткен еді, сол үрдіс жағасын табуда. Жарысқа ардагерден 12 және жастардан 8 командалар қатысты.

Моңғолия елінен арнайы Таван Богд (ардагерлер), Улаанхус (жастар) командалары және Қазақстанның әр өңірінен командалар келді.

- Алматы қаласы “Керлен” спорт клубынан: Керлен 1; Керлен 2; Керлен жастары командалары.

- Қарағанды облысы, “Сарыарқа” спорт клубынан: Сарыарқа 1, Сарыарқа 2, Сарыарқа-Әлем, Сарыарқа жастары, Сарыарқа-Әлем жастары командалары.

- Астана қаласы, “Бөкентау” спорт клубынан: Бөкентау, Берекет, Бөкентау жастары командалары.

- Жетісу облысынан “Бегім Бек” пен “Ағайындар” командасы.

- Алматы облысынан “Үшқоңыр” мен “Ақберен” командасы.

- Өскемен қаласынан: Өскемен ардагерлері, Өскемен 1, Өскемен 2 жастар командалары қатысты.

Ардагерлер сайысы бойынша:

1-орынды, чемпион болған “Керлен” спорт клубының “Керлен 1” командасы;

2-орынды Монғолиядан келген “Тавын Богд” командасы;

3-орынды “Бегім Бек” командасы;

4-орынды “Бөкентау” спорт клубының “Бөкентау” командасы иеленді.

Ал, жастар сайысынан:

1-орынды Монғолиядан келген “Улаанхус” командасы;

2-орынды “Сарыарқа” спорт клубының “Сарыарқа жастары” командасы;

3-орынды Жетісу облысынан “Ағайындар” командасы;

4-орынды “Өскемен 1” командасы иеленді.