26 жыл бойы Волейбол федерациясын басқарған Нұртай Әбіқаев қызметінен кетті
Волейбол
Қазақстан волейбол федерациясы
Қазақстан волейбол федерациясында басшы ауысты, деп хабарлайды Bassport.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін федерацияда 26 жыл бойы президент лауазымын атқарып келген 77 жастағы Нұртай Әбіқаев ақыры орнын босатты.
Федерацияның есептік-сайлау конференциясында 2028 жылға дейін федерация тізгінін ұстайтын адам анықталды.
Негізі бұл сайлауға үш үміткер қатысты:
1. Амандық Баталов;
2. Мәди Такиев;
3. Бақытжан Байтөреев.
Сайлау нәтижесінде басым дауыспен Мәди Такиев федерация президенті болып сайланды. Ол 2024 жылдың ақпан айынан бері қаржы министрі лауазымында қызмет атқарады.