Түркістанда волейболдан 8 өңірдің жасөспірімдері өзара бақ сынап жатыр

Түркістанда волейболдан 8 өңірдің жасөспірімдері өзара бақ сынап жатыр
Волейбол

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістанда волейболдан 2012-2013 жылы туған жасөспірім қыздар арасында қаланың «Құрметті азаматы», ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мамаш Омаровты еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Бұл туралы Bassport.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа Астана, Шымкент, Хромтау, Түркістан қаласы мен Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан келген 8 команда қатысып жатыр. Турнирдің ашылуына қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев, спорт ардагері Оразбек Божбанбаев, Мамаш Омаровтың қызы Тамара Пірімжанова, қалалық «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры Әнуар Сәрсенбаев қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Спорттық сайыс 23 қыркүйекке дейін жалғасады.