Шардаралық қол күрес шеберлері ел чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

Шардаралық қол күрес шеберлері ел чемпионатында 16 медаль жеңіп алды
Басқа

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақмола облысы Щучинск қаласында армрестлингтен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен кіл мықты спортшылар қатысты, деп хабарлайды BasSport.kz. 

Түркістан облысының «Шардара Армспорт» құрамасының спортшылары 16 алтын медаль алып, командалық есепте 1-орынды иеленді.

Жеңіс тұғырынан көрініп, облыс абыройын асқақтатқан білектілердің 14-і - ер азаматтар болса, 2-еуі бұрымдылар.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары алдағы Молдова елінде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.