Кикбокстан Көкшетауда өткен ел біріншілігінде түркістандық спортшылар 9 медаль еншіледі
Басқа
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Көкшетау қаласында кикбоксингтан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды BasSport.kz.
Жарысқа республикамыздың барлық өңірінен жиналған үздік спортшылар қатысты. Дүбірлі додада Түркістан облысының спортшылары 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, 33 келіде Арайлым Қобылан, 40 келіде Асемай Сүндетбай, 57 келіде Альмардан Абдумаликовтар алтын медаль, 44 келіде Венера Исмаилова, 36 келіде Динара Алмадин, 66 келіде Есдаулет Низамидин күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал, 56 келіде Сымбат Бауыржан, 60 келіде Хамит Жасұланұлы мен Асқар Тәліповтар қола жүлдені қанағат тұтты.