Никита Камалов мансабын «Барыста» жалғастырады

Никита Камалов мансабын «Барыста»  жалғастырады
Хоккей

СКА хоккей клубы

«Барыс» пен СКА арасындағы ойыншылармен алмасу нәтижесінде қазақстандық клуб Никита Камаловтың құқығын алды, деп хабарлайды BasSport.kz.

Астаналық клуб ресейлік қорғаушымен екі маусымға, яғни 2026 жылдың 31 мамырына дейін келісімшарт жасасты. Сондай-ақ Санкт-Петербор қаласының командасы қаржылай өтемақы алды.

Қорғаушы Новокузнецктің«Металлург», хабаровскілік «Амур», «Сочи» және СКА командалары сапында өнер көрсете жүріп, ҚХЛ-да шамамен 400 матч өткізген. Ол соңғы 2.5 жыл бойы СКА намысын қорғады. Өткен маусымда Никииа 37 кездесуге қатысып, 6 (2+4) ұпай алды және бұл көрсеткішіне плей-оффтың 4 матчындағы 1 гол мен нәтижелі пасты қосты.

Кейінгі екі маусым көлемінде хоккейші «Ресей-25» командасы құрамында түрлі халықаралық жарыстарға қатысқан. 

«Камалов – мұз айдынның екі жағында да бірдей пайдалы ойын өрнегін көрсететін білікті әрі тәжірибелі қорғаушы. Кейінгі екі маусымда бұл қасиетін клубтық деңгейде де, ұлттық құрама деңгейінде де бақылап жүрміз. Қазір ол жақсы формада, сондықтан алдағы екі маусымға  пайдалы ойыншыны қатарымызға қостық», - дейді «Барыстың» бас менеджері Олег Болякин.