Зарина Дияс Уимблдондағы іріктеу сайысын сәтті бастады

Зарина Дияс Уимблдондағы іріктеу сайысын сәтті бастады
Теннис

Sports.kz

Зарина іріктеу сайысының ширек финалындық кездесуінде таиландтық Мананчэйа Савангкаевпен шеберлік байқасты, деп хабарлайды BasSport.kz.

Әлемнің 208-ракеткасымен сынға түскен отандасымыз тартысқа толы ойында 7:5, 7:5 есебімен жеңіске жетті. 

Зарина Дияс 1 сағат 45 минутқа созылған матчта 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың 8-ін пайдасына жаратты. Ал, Мананчэйа 2 эйс, 6 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалдық кезеңіне өту үшін әлемнің 138-ракеткасы Сачия Викеримен кездеседі. Америкалық спортшы рейтингіде 230-орындағы Солтүстік Македония өкілі Лина Джерческаны 7:6 (7:1), 7:6 (7:5) есебімен жеңді.